Басып шығару

PhD докторанты З.С. Көбееваның "Ұсақталған сүректі сүзгіден кептіру кезіндегі гидродинамика және жылу-масса алмасу"тақырыбы бойынша диссертациясын тыңдау бойынша кафедрасының кеңейтілген отырысы.

2022 жылғы 20 қазанда "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасында PhD докторанты З.С. Көбееваның "Ұсақталған сүректі сүзу арқылы кептіру кезіндегі Гидродинамика және жылу-масса алмасу" тақырыбында диссертациясын тыңдау бойынша кафедрасының кеңейтілген отырысы өтті.
Кафедраның кеңейтілген отырысына М. Әуезов атындағы ОҚУ ҒТК мүшелері  (т. ғ. д., профессор В. Г. Голубев, т. ғ. д., профессор Б. Р. Исмаилов, т. ғ. к., доцент Т. С. Бажиров), "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасының ОПҚ және докторанттары, сондай-ақ "Стандарттау және сертификаттау", "Мұнай-газ ісі", "Текстилді материалдарды жобалау мен технология" кафедраларының ОПҚ және "Технологиялық процестердің инновациялық жабдықтары" ҒЗЗ ғылыми қызметкерлері қатысты.

powered by social2s