Басып шығару

« Үш тіл білу- елге үлгі болу»

      2017ж сәуірдің 27 жұлдызында, бас ғимараттың 114 ауд, сағат 1145-де ММГ факультетінің «Механика және машинажасау» кафедрасының т.ғ.к., аға оқытушы М.Ж.Саржанованың ұйымдастыруымен университет деңгейінде « Үш тіл білу- елге үлгі болу» тақырыпты ашық тәлімгер сағаты өткізілді.

Тәлімгер сағат барысында ММГ-14-2к1 және ЖТ-15-1к3 студенттерінің арасында ой-пікір алмасу (дебат), «We are the world» хор орындауы және сахналық көрініс ұйымдастырылды.

Шақырылған қонақтар- университет тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің маманы А.А.Мамыт, кафедра меңгерушісі Д.С.Мырзалиев, аға тәлімгер А.Сейтханов және кафедраның ОПҚ ашық тәлімгер сағат  тақырыбының өзектілігін атап өтіп, заманауи талаптарға және жоғары мектепте білім беру процесіне сәйкес деген ризашылығын білдірді.


powered by social2s