Басып шығару

Алматы қаласында үздік ғалымдарды марапаттау рәсімі өтті.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, “Болашақ” бағдарламасының түлегі Сармурзин Ербол Жаңбырбайұлы, Механика және мұнайгаз ісі факультетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты Әбшенов Хасен Асанбекұлы және Биотехнология кафедрасының постдокторанты Тастамбек Қуаныш Талғатұлы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.
Сонымен қатар, Техника ғылымдарының кандидаты «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры Колесников Александр Сергеевич «Инжиниринг және технологиялар» бағыты бойынша 2022 жылғы "Үздік ғылыми қызметкер" байқауының жеңімпазы және мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.

powered by social2s