Басып шығару

Ашық сабақ

28.04.2023 жылы, сағат 16-10, 211Б аудиториясында «Мұнайгаз ісі» кафедрасының доценті С.Е. Байботаеваның «Ғылыми-зерттеу жұмыстарында инновациялық әдістер» пәнінен «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жағдайлары» тақырыбында ММГ-20-9к тобының білім алушыларымен және «Мұнайгаз ісі» кафедрасының оқытушыларының қатысуымен дискуссиялық әдіс түрінде Ашық дәріс сабағы өтті.

Білім алушылар нақты және басқа да ғылыми мәселелерді әр түрлі көзқараста белсенді түрде талқылап, өздерінің танымдық қызығушылықтарын көрсетті.

Дискуссиялық ашық сабақ білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерінің екіжақты үдерісінің белсенділігін және өзіндік мәні бойынша оқыту динамикасына барынша барабар екендігін көрсетті. 


powered by social2s