Басып шығару

Саттар Жүсіпұлы 75 жаста!

«Механика және машинажасау» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Саттар Жүсіпұлы Әбдірашев биыл 2023 жылдың 24 қазан күні 75 жасқа толды.

 Саттар Жүсіпұлы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде     (бұрынғы Қазақ химия-технологиялық институты) 1981 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Алғашында аға мұғалім, доцент, кафедрасының меңгерушісі, кейіннен ұзақ жылдар декан қызметтерін  жемісті атқарды.  Университетімізде білікті кадрлар дайындауда  атқарған еңбегі өте зор,  қазіргі уақытта зейнеткерлік құрметті демалыста болса да болашақ мамандарға  білім беруде  аянбай еңбек етіп келеді.

Осы күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры, академик  Қожамжарова Дария Пернешқызы мерейтой  иесі Әбдірашев Саттар Жүсіпұлына құттықтау хатын жолдап, оқу орны атынан ыстық ықыласын білдірді. Хатта «Еліміздің механика, машина жасау және транспорт саласын білімді мамандармен қамтамасыз етуге, жоғары мектептегі оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіруге елеулі үлесіңізді қосып, жастарға тәлім-тәрбие беруде аянбай еңбек етіп келесіз. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр қайратыңыз қашанда арта берсін!» делінген сөздер бар.

«Механика және машинажасау» кафедрасының ұжымы  да   Саттар Жүсіпұлын - 75 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Саттар Жүсіпұлы! Сізді мерейлі 75  жас – мерекеңізбен  құттықтап, өзіңізге  мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, шаттық, ортамызда әрқашан көтеріңкі көңіл күйде болып, қажыр, қайратыңыз таусылмай, ақсақалдық мерейіңіздің арта беруін тілейді!

«Механика және машинажасау» кафедрасының ұжымы


powered by social2s