Басып шығару

Баршаңызды 2023-2024 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!!

2023 жылдың 1 қыркүйегі күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Механика және мұнайгаз ісі факультетінің 1 курс студенттерін факультет ұжымы қарсалды, ғимаратпен таныстырып, білім беру бағдарламаларындағы профессор оқытушы құраммен танысып, сұрақтарға жауап алды. Жаңа оқу жылы университет табалдырығын енді аттағалы тұрған 1 курс студенттері үшін табысты және сәтті өтсін! Сіздерді жарқын болашақ, биік белестер күтіп тұр. Сабақтарыңызды жақсы оқып, ғылым, спорт және шығармашылық салаларында мол табыстарға кенеле беріңіздер. Оқуда озат, еңбекте адал болыңыздар. Биік шыңдарды бірге бағындырайық!

powered by social2s