Басып шығару

Жас ғалым, факультет деканы Германияда

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жас ғалымы, «Жас ғалым» грантының иегері, PhD Серікұлы Жандос AP14972723 Ағындардың құйынды өзара әрекеттесуін ескере отырып, ағын энергиясын (газ, су) электр энергиясына түрлендіруге арналған инновациялық қондырғының гидродинамикалық заңдылықтары» жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес Германияның Ахен қаласында орналасқан RWTH Aachen university ғылыми тағылымдамадан өтуде. Жас ғалым ағындардың құйынды өзара әрекеттесуін ескере отырып, ағын энергиясын электр энергиясына айналдыру үшін қондырғының гидродинамикалық заңдылықтарын анықтау жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, RWTH Aachen university әлемдік QS World University Rankings бойынша 106 орын, QS WUR by Subject Mechanical Engineering бойынша 19 орын, Германиянын ішкі рейтигтерінде техникалық бағыт бойынша 1 орынды иеленеді.

powered by social2s