2025 жыл 14 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің мәжілістер залында «Механика және мұнайгаз ісі» факультеті мен «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы және Түркістан облысы аудандары мектептерінің бітіруші түлектері, Әуезов университетінің «Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы» тыңдаушылары, колледж бітіруші түлектері үшін «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті.
Кездесу барысында «Кәсіптік бағдар беру орталығы» директорының орынбасары Нұрғали Утеулиев бітіруші түлектерге «Біріңғай тестілеудің» және мемлекеттік білім гранты конкурсына өтінім берудің негізгі қағидаларымен, «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің деканы Райымберді Рысдәулетов факультеттің білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Арнайы шақырылған қонақтар Казстандарт РМҚ аймақтық директоры Сәкен Бейсеев, «Мұнайгазпроект» ЖШС директоры Фарид Ибрагимов бітіруші түлектерді қазіргі таңда инженерлік білім алудың өзекті екенін және де қоғамды жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті.
Іс шарада факультеттің білім беру бағдарламалары бойынша толық ақапараттар беріліп, кафедралар және материалдық техникалық базасымен таныстыру мақсатында оқу ғамараттарына экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында факультет деканы мен кафедра меңгерушілері тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, тыңдаушыларды білім беру бағдарламаларына оқуға түсуге шақырды.