Басып шығару

Үндеу

Еліміз осы жылдың басында ел тарихындағы өте ауыр кезеңді басынан өткізді. Отанымыздың тыныштығы мен бейбітшілігін бұзғысы келгендердің алдын алып ел тыныштығы сақталып қалынды. Әскери, құқық органдарының қызметкерлерінің отанымызды қорғауда ерлікпен қаза тапқан қызметкерлерінің отбасына, туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Елімізді осы қиын қыстау заманда халқы мен бірге болып, оң шешімдерін таба білген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелевич Тоқаевтың еңбегі орасан зор. Мемлекет басшысы еліміздің өсіп еркендеуіне, отанымыздың дамуына күндіз-түні аянбай еңбек етіп жүргенінің куәсі болып жүрміз. Президентіміздің алға қойған жүйелі істері еліміздің халқының экономикалық-әлеуметтік тұрғыдан халықтың әл ауқаты жақсаратынына, жастар арасында жұмыссыздықтың азаятына  сенемін. Әр қашанда еліміздің тыныштығы бұзылмай бірлікте болып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелевич Тоқаевтың бастамалырын қолдаймыз.

 

 

Мұнайгаз ісі кафедрасының доценті, PhD    Боташев Е.Т.


powered by social2s