Басып шығару

ҚҰТТЫҚТАУ !

        Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, - гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша жыл сайын өткізілетін  студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсының  2015-2016 оқу жылындағы жеңімпаздары ретінде  «Машинажасау» бөлімі бойынша біздің университеттің студенттері Бөлегенов А. және Абилдаев Н.М., (ММГ 13-2р тобы), (ғылыми жетекшісі – т.ғ.д., профессор Печерский В.Н.)  I – орын алса, екінші орындарды Тұранов А., (ММГ 14-2р тобы), (ғылым жетекші – т.ғ.д, профессор Сейтказенова  К.К.)  және  Жораев С., Куралов А. , (ММГ 14-2р тобы), (ғылым жетекші– т.ғ.к, доцент Абзалова Д.А.) иеленді. Бұл қуанышты хабар конкурсты ұйымдастырушылардың  біздің универститет ректорының атына жіберілген хатында айтылды. «Механика және машинажасау» кафедрасы ұжымы жеңімпаз студенттерді және олардың ғылыми жетекшілерін  шын жүректен құттықтап, ғылым жолында үлкен табыстар, ғылыми жетістіктер және творчестволық жеңістер тілейді.


powered by social2s