27.01-21.02.2025 күндер аралығанда 2024-2025 оқу жылы оқу жоспарына сәйкес «Стандарттау және сертификаттау» және «Метрология» БББ 2-курс студенттері «Hill Corpration» ЖШС, «Medkomfort» ЖШС, «Аспан Гео» ЖШС, «Сапалы Серт» ЖШС кәсіпорындарында І – өндірістік практикадан өтуде. Өндірістік практика студенттердің теориялық білімдерін нақты жұмыс жағдайларында қолдануына мүмкіндік береді. Олар оқу процесінде алған білімдерін нақты кәсіпорындар мен өндірістік процестерде қолдана отырып, практикалық дағдыларды меңгеруде. Сонымен бірге, студенттер өндірістік ортада жұмыс істей отырып, өз саласы бойынша кәсіби дағдыларын дамытады. Олар нақты жобаларға қатысып, жұмыс процесін бақылап, шешімдер қабылдау тәжірибесіне ие болуда.