2015 жылдың 26 қараша күні «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасында «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің деңгейінде, іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және онымен күрес» атты тақырыпта өтті. Іс-шараға «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің барлық оқытушылары мен студенттері, университеттің тәрбие ісі мен жастар саясаты департаментінің мамандары, «Қазақстан халқы ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі – Маймақов Ғаппар Қазыбекұлы, сонымен қатар «Айтбай ата - Ақмешіт» мешітінің бас имамы – Абдукарим имам мен сол мешіттің наиб имамы шақырылған болатын.
Баяндамашылар Қазақстан Республикасындағы терроризм негіздерімен байланысты мәселелерді, терроризмнің алдын алу, діни экстремизмді анықтау және олармен күрестің заңнамалық негіздерін қарастырды. Маймақов Ғ.Қ. еліміздің мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздігінің маңызды шарттарының бірі болып табылатын діни қатыгезділік пен өшпенділіктің алдын алу туралы толық айтып өтті. Бас имам Абдукарим қоғамның заманауи жағдайлары мен діни қылмыстардың негізгі өзекті мәселелерінде көрініс табатын және діни тоталитарлық секталардың (деструктивті сипаттағы діни мәдениеттер) белсенді қызметтері, ислам дініндегі экстремистік және террористік үгіт-насихаттарының радикалды ағымдары туралы сөз етті. Баяндамалар жасалып болған соң, барлық оқытушылар мен студенттер сұрақтар қойып, алынған жауаптарды талқылап, пікірталас жүргізді.
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және онымен күрес» - тақырыбында өткен іс-шара, жоғары тәрбиелік мәні бар деңгейде өтті. Сонымен қатар, біз, бұл іс-шараның Қазақстан Республикасында исламның діни құндылықтарын нығайтуға өз үлесін қосады деп сенеміз.