Кафедра меңгерушісі
Мырзалиев Дархан Сапарбайұлы
техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Мекен-жайы: 160012. ЮКО, Шымкент қ., Тәуке-хан даңғылы, 5.
Телефон: 8(7252) 30-05-70
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
1954 жылы Қазақ химия-технологиялық институтында (қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚУ) «Механика» кафедрасы ашылды. Алғаш оны осы саладағы жетекші маман-ғалым С.У. Үмбеталин меңгерушілік етті. Кафедраның ары қарайғы дамуы механикалық профильдегі пәндерді оқитын мамандарды фундаментальды дайындауға бағытталып, кейіннен бұл кафедра негізінде кафедраларды әр жылдары Қазақстанға және шет елдерге танымал ғалымдар басқарды: «Теориялық механика» - И.П. Цай, С.Б Буралхиев, Х.М Датхаев, Н.М, Муталиев, А.Д. Дасибеков; «Машиналар мен механизмдер теориясы және машина бөлшектері»: А.Ш. Шомаев, М.Ф. Уркумбаев, Ф.Е. Алтынбеков, А.Б. Куланов, Т. Колдасов, Л.М. Бекжанов, Б.Ф. Уркумбаев, С.Ж. Абдрашев, А.Д. Кадырбеков; «Материалдар кедергісі», В.А. Колесников, Н.А. Стальнов, Н.И. Лысенко, А.И. Айнабеков, Б.Р. Арапов; «Гидравлика»: Ш.Б. Сугуров, Б.Д. Шинибаев, А.П. Болгов; «Металлдар технологиясы»: В.П. Раков, А.К. Омаров, А. Идирисов, К.М. Исламкулов; «Құрылыс механикасы және серпімділік теориясы»: М.К. Кадыров және т.б.
Айтылған кафедралардың өсіп-өркендеуіне С.Б. Соболева, И.Р. Хакимов, Ж.К. Культурсынов, Т.П. Раимбердиев, М.С. Сарыпбеков, И.Б. Бекмуратов, А Акшабаев, А.Ш. Шарафиев, М.Д. Шинибаев, Н.А. Айнабеков, З.К. Карабеков, Ф.А. Сайденова, В.О. Дуйсекеев, С.Г. Яковлев, Т.И. Турдалиев сияқты оқытушы-профессорлар өздерінің үлкен үлестерін қосты.
1999 жылы «Теориялық механика», «Материалдар кедергісі» және «Машина бөлшектері, машиналар мен механизмдердің теориясы» кафедралары базасында «Қолданбалы механика» кафедрасы құрылып, оны 1999-2005жж. т.ғ.д., профессор Дасибеков А.Д., 2005-2011жж. т.ғ.д., профессор Печерский В.Н.басқарды. 2011жылы кафедра екі жаңа – «Механика» және «Машина жасау» кафедралары болып бөлініп, оларға т.ғ.д., профессор Печерский В.Н және т.ғ.к., доцент Әбдірашев С.Ж. жетекшілік етті.
2015 жылдың 28 қыркүйегінде «Механика» және «Машина жасау» кафедралары қайта біріктіріліп, «Механика және машина жасау» кафедрасы болып қайта құрылып, «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің бір құрылымдық бөлімшесі болып саналады, оны қазіргі уақытта т.ғ.к., доцент Мырзалиев Дархан Сапарбайұлы басқарады.
Кафедра фундаменталды, ғылыми-практикалық, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізіп, өндірістер мен мекемелерге ақпараттық, консультативтік қызметтер көрсетіп, оқу процесстеріне инновациялық технологияларды енгізіп келеді.
2006 жылы м.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қолданбалы механика» кафедрасы 050712 «Машина жасау» мамандығы бойынша 4 жыл мерзімде оқитын бакалаврларды дайындайтын мамандық ашуға рұқсат алды (29.06.2006ж., №0008671 лицензиясына қосымша, №573 бұйрық). Осы мамандық бойынша бірінші талапкерлерді қабылдау 2007/2008 оқу жылы жүзеге асып, 2011 жылы бірінші түлектер оқуларын бітіріп, дипломдарын қорғап шықты.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Механика және машинажасау» кафедрасында қазіргі уақытта 2023-2024 оқу жылында 6В07 – «Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары» білім беру саласының 6В071 – «Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағытының В064 – «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша келесі білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат білім алушыларын дайындайды, олар:
6В07120 - Машинажасау;
6В07121 - Машинажасау технологиясы;
6В07124 - Энергетикалық машинажасау және энергетикалық жүйелер инжирингі.
Ал магистратура бойынша білім алушылар келесі БББ бойынша дайындалады: білім беру саласының коды және жіктелуі - 7M07 «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», дайындық бағыттарының коды – 7M071 – «Инженерия және инженерлік іс», білім беру бағдарламаларының тобы - М103 – «Механика және металл өңдеу», білім беру бағдарламасы 7M07120 – «Машинажасау» (2 жылдық) және жаңадан 7М07123 - «Машина жасаудағы 3D модельдеу» білім беру бағдарламасы ашылды.
2023 оқу жылында білім беру бағдарламаларының Реестріне D103 - Механика және металл өңдеу тобына (PhD) философия докторларын дайындайтын 8D07210 – «Машина жасау» БББ енгізіліп, кафедрада биыл ашылған осы докторантураның күндізгі бөлімінде екі докторант оқып, білім алуда.
Бітіруші түлектердің кәсіби қызметі объектілері – машина жасаушы өндірістік – технологиялық ұйымдар, ғылыми-зертеу институттары, тәжірибелік-зерттеуші зертханалар, автомобиль жасау және жөндеу ұйымдары, металдар мен қорытпаларды дайындау, өңдеу және әр түрлі жабдықтарды өткізу (сату) және өндірістік алаңдардағы монтаждау, т.т.с.с.
Бағдарламалардың даму стратегиясы ЖОО стратегиялық жоспарына сай жасалған және ғылымды қажет ететін ресурстарды пайдалану жағынан тиімді өндіріспен байланысқан. Бітірушілер өтімді машина жасау өнімдерін жасауға бағытталған өндірісті-технологиялық, жобалы-конструкторлық, ұйымдастырушы-басқарушылық, ғылыми-зерттеу салаларына қарай дайындалады. Бағдарлама жобалаудың заманауи әдістері мен құралдарын қолдана отырып, тозуға қарсылықты көтеруге және машина жасау бөлшектері мен аппараттардың қайта пайдаланудың технологиялық процестерін математикалық, физикалық, компьютерлік модельдеуге негізделген.
Білім беру бағдарламасының мақсаттары орындалу үшін кафедрада мынадай қажетті ресурстар бар:
- жоғары біліктілігі бар профессор-оқытушылар құрамы (2023/2024 оқу жылы): 6 ғылым докторлары, 9 ғылым кандидаттары, 4 ғылым магистрлері, 1 ғылыми және магистр дәрежелері жоқ оқытушы;
- оқу базасы, оның құрамына 8 оқу аудиториясы, 100 адамдық 4 дәрістік аудитория, электронды ресурстар залы, 2 компьютерлік сынып, 5 мамандандырылған зертхана және жалпы ауданы 1126,89 ш.м. зертханалық шеберханалар;
- көлемі 500 Мбайт, берілген оқыту бағдарламасы бойынша студенттердің дайындығы үшін қолданылатын электронды әдебиеттер қоры;
- дайындық саласы бойынша мамандандырылған іс-тәжірибе базаларының болуы.
В064 – «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша оқитын студенттерді жалпы орта білім базасында, орта арнайы білім базасында және жоғары кәсіби білім базасында күндізгі және сырттай оқыту формасы бойынша оқыту түріне қарай 2, 3, 4 жылдық мерзімде жеделдетілген, қысқартылған, толық оқыту түрлері қарастырылған. Оқыту бағдарламасын іске асыру мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал 2017 жылдан бастап ағылшын тілінде жүргізіледі. Мамандық бойынша оқытудың жалпы технологиясы – кредиттік болып саналады.
Оқу жоспарының барлық пәндері ҚР МБС сәйкес жалпы білім пәндері (ЖБП), базалық пәндер (БП) және профильді пәндер (ПП) циклдеріне топтастырылған. Білім бағдарламасында кредиттерді циклдар арасында бөлінуі келесі сипатта орындалған: барлығы – 131 кредит, ЖБП – 33, ПП – 3.
Білім бағдарламасының оқыту жоспарының міндетті компоненті бойынша мазмұны ҚР МБС талаптарына сай жасалған.
Кафедрадағы барлық білім беру бағдарламалары ондағы көрсетілген мақсаттарға сәйкестелінген және Қазақстандағы ғылым мен техниканың жетістіктерін, халық шаруашылығының динамикалылығын және баса дамуын қолдану негізінде машина жасау саласындағы мамандарды дайындау бойынша М.Әуезов атындағы ОҚУ-ің миссиясына сәйкес келеді. БББ-да келтірілген мақсаттары студенттердің сұраныстары аясында тұжырымдалған және нақтыланған, Дублин дескрипторлары негізінде құралған және мына компетенциялар арқылы сипатталады: ана тілі, шет тілі саласында, , іргелік, математикалық, жаратылыс тану-ғылыми, техникалық, компьютерлік, оқу, әлеуметтік, (тұлға аралық, мәдени аралық, азаматтық), кәсіпкерлік, экономикалық, мәдени дайындық, ғылыми зерттеулер жүргізу, машина жасау саласындағы қосымша және кәсіби компетенциялар.
Жұмыс берушілердің сұраныстары БББ-ың студенттерге машина жасау саласында берік дайындықты бере алу мүмкіндіктерін көрсете алатын мақсаттарында нақтыланған, осы дайындық еңбек нарығында ойдағыдай бәсекелестікке апара алады. Білім беру бағдарламаларын жасауда жұмыс берушілер жағынан жергілікті «Карданвал» АҚ, «KARLSKRONA LC AB» ЖШС, «Asia Trafo» ЖШС, «Kazmedpribor Holding» ЖШС және т.б. өндіріс орындары өз ұсыныстарын қосты.
Кафедра «KARLSKRONA LC АB LC AB» ЖШС серіктес-кәсіпорнымен бірлесіп, дуальды оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда. Ол кәсіптік үздіксіз оқытуды регион жерінде дамытуға және өндіріске икемделген кадрларды дайындауға жағдай жасайды. «Дуальды оқытудың жол картасы» бағдарламасы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен қарым-қатынас аясында студенттер осы кәсіпорын базасында стажировкадан өтеді. Жалпы қазіргі уақытта университет бітірген біздің көптеген түлектеріміз аталған кәсіпорында және Оңтүстік өңірінің басқа кәсіпорындарында мамандықтары бойынша қызметтер атқарады.