Стандарттау бойынша ұлттық ұйымдары, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ИСО жария еткен, Дүниежүзілік стандарттар күнін жыл сайын түрлі іс-шаралар өткізу арқылы тойланып, онда стандарттау жүйесін халықаралық принциптерге сәйкес жақындастыру бойынша және техникалық реттеудің ұлттық жүйелерін үйлестіруге байланысты дамытудың ағымдағы және перспективтік мәселелерін шешу үшін стандарттау, сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы мамандар жиналады. Мәселен, 2016 жылдың 13-қазанында техникалық реттеу және метрология Комитетінің басшылығымен ОҚО бойынша дөңгелек үстел өткізіліп, онда ОҚО әкімшілігінің, ОҚО кәсіпкерлер Палатасының және облыс кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Күн тәртібі жыл сайын жаңарып отыратын «Стандарттар сенім тудырады» атты ИСО девизімен өтті. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі Тулекбаева А.К. «ОҚО өндірістік кәсіпорындарына метролог мамандарын даярлау бойынша жол картасы» атты тақырыпта баяндама жасады. Тақырып ОҚО барлық өндірістік кәсіпорындары үшін актуалды мәселелер, метролог мамандарын даярлауға арналды, себебі жыл сайын олардың жетіспеушілігі өткір сезіліп келеді. Ол базалық білім алу жүйесінің, кадрларды дайындау, біліктілікті жоғарлату және кадрларды қайта дайындау жүйесінің және Қазақстан Республикасының метрология саласы бойынша жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындау жүйесінің сараптамасын жүргізіп, сондай мамандар дайындау негізі болып табылатын, еңбек нарығында қажет дағдыланған және білікті метролог мамандарын дайындау үшін кәсіпорындармен бірлесе жұмыстар жүргізу қажеттілігі бойынша білім беру бағдарламаларын жақсарту жолдарын ұсынды.