«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының 2016 – 2017 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес 2 желтоқсанда 408Б аудиториясында сағат 10:40-та ММГ 16-6к2 тобының тәлімгері Тоқтабек А.А. тәлімгерлік топ студенттерімен «Желтоқсан оқиғасы жадымызда» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ашық тәлімгерлік сағаты өткізілді. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: 1986 жылдың 16-желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын, студенттердің өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Студенттерді елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым ету, студенттер көңіліне ұялату. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғашқы қадамына қол жеткізуіне қадам еді.
Осындай іс – шаралар жоғары санатты болашақ ұрпақтың Отанын сүюге, сыйластыққа, адамгершілікке, ұлтшылдыққа тәрбиелеуде маңызы зор.