Инженерлік механика пәні бойынша олимпиада

        2017 жылдың 17 ақпанында М.Әуезов атындағы ОҚМУ «В» ғимаратының 423 дәрісханасында «Инженерлік механика» пәнінен олимпиада өткізілді, оған «Құрылыс және және көлік», «Механика және машина жасау» факультеттерінде оқитын 22 студент қатысты. Олимпиаданың мақсаты студенттердің назарын оқылатын пәндерді оқуға қызықтыру және  осы пән бойынша өз білімдерін тексеру  болатын. 
        Олимпиада берілген уақыт ішінде төменде көрсетілген тақырыптар бойынша әрқайсысы 4 есептен тұратын есептерді шығару болатын. Ол тақырыптар:  1) Статика.  Тірек реакцияларын анықтау; 2) Жазық фермалардың есептеулері; 3) Арқалықтардың көлденең иілуі; 4)  Сығылған сырықтардың орнықтылығы; 5) Сырықтың бойлық деформациясы; 6)  Сырықтың бұралуы.толық шығарылған әр есеп 100 ұпаймен бағаланды. Құрамында профессор, т.ғ.д. Б.Р.Арапов  және т.ғ.к., доцент А.М.Тоқмұратов бар қазылар алқасы барлық жұмыстарды тексере келе келесі студенттерді жеңімпаздар ретінде танып, мадақтау қағаздарымен наградтады. Олар:
        1 –ші орын: Рахимбердиев Азамат,  СМ-14-6р тобы  - 400 ұпай;
        2-ші орын : Жанабай Айжан,  СМ-15-6к2 тобы  - 345 ұпай;
                               Камалов Холмурат, СМ-15-6к2 тобы - 345 ұпай;
        3 –ші орын : Макулбек Бекжан, ММГ-15-3к2 тобы - 300 ұпай;
                                 Беркинбай Галымжан СМ-15-6к1 тобы -300 ұпай.

    

        Іс-шараға қатысқан барлық белсенді студенттерге  айтылған пән бойынша семестр бойына жинаған рейтинг бағаларына жоғарылатын бағалар қойылатыны айтылды. 
        «Механика және машина жасау» кафедрасы аға оқытушы К.Б. Сүйіндіковаға  осы олимпиаданы өткізуге қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы барлық студенттерге білім алуда үлкен табыстар тілейді және осы олимпиада болашақта өз жалғасын табады деген сенімде.  


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.