2017 жылғы 3 қазан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған семинар өтті. Семинар «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының ПОҚ және «КазИнСт» РМК ОҚФ тарапынан ұйымдастырылды.
Семинарға «КазИнСт» РМК ОҚФ директоры Бейсеев Сакен Ануарбекович және М.Ауезов атындағы ОҚМУ «Механика және мұнай газ ісі» факультеті мен «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының ПОҚ, «Стандарттау және метрология» бөлім меңгерушісі Кынатова Асия Амзеевна, «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының студенттер мен магистранттары қатысты.
Семинарды ашып беру үшін «Механика және мұнай газ ісі» факультет деканының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ешанқұлов Әмирхан Айтқұлұлы сөз алды. Ол Дүниежүзілік стандарттар күнімен семинар қатысушыларын құттықтай отырып, стандарттау бойынша халықаралық ұйым тарихына қысқаша тоқталып өтті.
«КазИнСт» РМК ОҚФ директоры Бейсеев Сакен Ануарбековичтің «ҚР СТ ИСО 9001-2016 негізіндегі стандартары бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құруға мүмкіндік береді» және «ҚР СТ ИСО 31000-2010 негізіндегі стандартандарттар кәсіпорындарды тәуекелге бейімдейді» атты баяндамалары семинар қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды және кәсіпорындар мен ұйымдар арасында халықаралық стандарттардың ролы кең талқыланды.
Бұл семинар студенттер мен магистранттарға Қазақстанның нақты ұйымдары мысалында халықаралық стандарттарды тәжірибелік қолданылуымен танысу және терең түсінуге мүмкіндігін берді.
powered by social2s