Механика және мұнайгаз ісі факультеті студенттерінің ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы бойынша насихаттық топпен кездесуі
- Факультет жаңалықтары
- Қаралды: 109
Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын түсіндірудің желілік кестесіне сәйкес М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің механика және мұнайгаз ісі факультетінде 14.02.2018ж. факультет студенттерімен талқылау өтті.Іс-шараға университеттің аға тәлімгері С.Бейсенов, факультет деканы М.Нарманов, факультет аға тәлімгері, студенттік декан, оқытушылар мен студенттер қатысты. Барлық баяндамашылар Президент жолдауында қазіргі Қазақстан жағдайындағы маңызды деген бағыттар мен рухани құндылықтардың қамтылғанын атап өтті.Жолдауда дамыған елдер қатарына кіру жолындағы жаңа мүмкіндіктер бойынша нақты бағыттар көрсетілген. Механика және мұнайгаз ісі факультеті ұжымы және студенттері бұл бағдарламалық құжаттың барлық Қазақстандықтардың қолдауына ие болатынына сенімді.