27.12.2020 ж ОҚУ Ғылыми кеңесінің шешімін орындау барысында ЖОО оқытушыларының кәсіпкерлік құзыреттілігін қалыптастыру үшін "Стандарттау және сертификаттау" кафедрасы кәсіпкерлік және коммерцияландыру департаментімен бірлесе отырып, 80 сағатқа есептелген «Кәсіпкерлік, стандарттау және сертификаттау негіздері» тақырыптары бойынша ПОҚ оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірледі, оны ОҚУ ОӘК бекітті. Ал университеттің біліктілікті арттыру бөлімі осы курстарды ұйымдастырды. Біліктілікті арттыру нәтижелері бойынша тыңдаушыларға сертификаттар берілді. Біліктілікті арттырудың бұл курсын тұрақты негізде өткізу көзделген.