ТАЛАПКЕР – 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«МЕХАНИКА ЖӘНЕ МҰНАЙ ГАЗ ІСІ» ФАКУЛЬТЕТІ
«Механика және машинажасау» кафедрасы
Біздің даярлау бағытымыз:
6В071 – «Инженерия және инженерлік іс»
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің 2020-2021 оқу жылына 6В07 – «Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары» білім беру саласының 6В071 – «Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағытының В064 – «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша келесі білім беру бағдарламаларына талапкерлерді қабылдайтындығын жариялайды:
- 6В07120 - Машинажасау;
- 6В07121 - Машинажасау технологиясы;
- 6B07122 - Құю өндірісі және металдарды қысыммен өңдеу;
6В07123 - Пісіру өндірісін жобалау және ұйымдастыру.
«Механика және машинажасау» кафедрасының 76 жылдық тарихы бар. Кафедра Қазақстанның және Германия, Франция, Австрия, Ресей, Польша сондай-ақ Украина, Қырғызстан, Өзбекістан Республикаларының жетекші жоғары оқу орындарымен байланыстар орнатқан. Кафедраның мықты материалды-техникалық базасы және оқытушы профессорлық құрамы бар (6 техника ғылымдарының докторлары, 2 PhD доктор, 10 техника ғылымдарының кандидаттары).
Студенттер дуалды оқыту жүйесі бойынша білім ала отырып, өндірістік іс-тәжірибелерін заманауи жабдықтармен жабдықталған өндіріс орындарында өтеді: «Карданвал» АҚ, «Казмедприбор Холдинг» ЖШС, «KARLSKRONA LC/AB» ЖШС, «Электроаппарат» АҚ, «КазГеомаш» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Оңтүстік Қазақстан механикалық зауыты» АҚ, «Ленгер машинажасау зауыты» АҚ, «Шымкент Эталон зауыты» АҚ, «Azia Trafo» ЖШС, «KAZ KIOTI» – Қазақстан трактор зауыты» ЖШС және т.б.
Бітіруші түлектерге 6В071 – «Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағыты бойынша «Техника және технологиялар бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
6В07120 – «Машинажасау» (бакалавриат) және 7М07120 – «Машинажасау» (магистратура) білім беру бағдарламалары 2019 жылы Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз Қазақстандық агенттікте (ББСТҚА) мамандандырылған аккредитациядан өтті. 2019 жылдың қорытындысы ББСТҚА сараптамасы нәтижесінде «ҚР ұлттық рейтингісі - 2019» бойынша 1 және 2 орын, ал Аккредиттеу және рейтинг бойынша тәуелсіз агенттік (АРТА) рейтингтік зерттеулері «Рейтинг - 2018» нәтижесінде 2-ші орын иеленді.
Бітіруші түлектерге 6В071 – «Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағыты бойынша бакалаврлар халық шаруашылығының төмендегі салаларында жұмыс істей алады:
- авиакосмостық машинажасау;
- транспорттық (теміржол, көлік) машинажасау;
- ауылшаруашылық машиналар мен жабдықтарды жасау;
- мұнай-газ өндірісі;
- тау-кен өндірісі;
- химиялық машинажасау;
- энергетикалық сала;
- жеңіл және тамақ өндірісі;
- жоғарғы оқу орындары;
- ауыр машинажасау;
- халықтық тұтыну тауарлары өндірістері және барлық жөндеу өндірістері.
В064 – «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламаларына 2019 жылы Қазақстан Республикасы бойынша 1953 мемлекеттік білім гранты бөлінсе, оның 80-і қысқартылған оқу түріне - колледж бітіруші түлектер үшін.
Бейіндік пәндер математика және физика.
Мекен жайымыз: Шымкент. қ,
Тауке хан даңғылы, 5
Корпус «В», 3 қабат, каб. 321
тел: 30-09-70