Жаңалықтар
«Жас ғалым» грант иегелерлерінің қатары толығуда!
- Абжапбаров Абай Акилбекович 8 775 108 20 52
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 257
2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижесінде «Энергетика және машина жасау» басымдығы бойынша AP14972723 «Ағындардың құйынды өзара әрекеттесуін ескере отырып, ағын энергиясын (газ, су) электр энергиясына түрлендіруге арналған инновациялық қондырғының гидродинамикалық заңдылықтары» жобасы грант ұтып алғанын хабарлайды.
Бұл жоба баламалы көздерден – жел мен судан электр энергиясын алуға бағытталған. Инновациялық вибротүрлендіргіштің артықшылығын пайдалана отырып, гидродинамикалық заңдылықтарды зерттеу діріл энергиясының бағытын дамытуға ықпал етеді. Жоба ең көп тараған баламалы көздерді – жел мен суды пайдалануды ұсынады. Гидродинамикалық заңдылықтарды зерттеу тербеліс энергиясының бағытын дамытуға, тұрақты құрылымы бар құрылғыларды жасауға және оларды энергияны түрлендіруге пайдалануға ықпал етеді. Жобалық зерттеулердің нәтижелері облыс пен еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетіне әсер етеді.
Жоба жетекшісі - PhD, «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, факультет деканы Серікұлы Жандос.
Жас ғалым Ж. Серікұлын шын жүректен құттықтаймыз!
Тілейтініміз жеңіс, ашылым,
Атыңызды әлемге паш етер!
Ғылыми өнертабыстар,
Әрине, жарқын жетістіктер!
powered by social2s