Жаңалықтар
2017 жылдың 17 ақпанында, Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірі Сағадиев Ерлан Кенжагалиевичпен «2016 жылдың ЖОО үздік оқытушысы» атақ иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық университетінің Тұңғыш Президент залында өткен салтанатты іс-шараға 200 үздік атақ иегерлері жиналды. Үздіктер қатарында университетіміздің «Механика және мұнайгаз» факультетінің «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к. Тулекбаева Айжамал Конисбаевна да қатысты. Факультет басшылығы мен кафедра ұжымы оны осындай жоғарғы аттаққа ие болуымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық және шығармашылық табыс тілейді!