Жаңалықтар
СПОРТТЫҢ ДАМУЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
- Абжапбаров Абай Акилбекович 8 775 108 20 52
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 226
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортқа 21 млрд теңгеге жуық қаражат жіберіледі, оның ішінде 6 млрд мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруға арналған.
Мемлекеттік тапсырыс мыңдаған балаларға спорт секцияларына тегін баруға мүмкіндік берді. Секцияларға қатысуға шығындар бюджеттен төленеді. Былтыр республика бойынша осы мүмкіндікті 162 мың бала пайдаланды, ал ағымдағы жылы олардың саны 275 мыңға дейін жетеді.
Бұл туралы ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Тоқаевтың №12 спорт мектебінің спортшылары мен жаттықтырушыларымен өткен кездесуінде айтылды.
Шымкент қалалық қоғамдық штабының басшысы Бахадыр Нарымбетов, штаб мүшелері Әбдез Иманқұлов, Жадыра Таңатарова, Төлегенов Ноян, Жазира Жаппарқұлова, Дилдабеков Мухтархан кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына тоқталып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға және спортты дамытуға қатысты саясатына баса назар аударды.
Жиын соңында спикерлер президенттік сайлаудың маңыздылығына назар аударып, барша жиналған қауымды бұл саяси науқанға белсене қатысуға үгіттеді.
powered by social2s