Мемлекеттің әлеуметтік саясаты еліміздегі саяси тұрақтылықтың, бірліктің, ұлтаралық татулық пен келісімнің негізі.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты еліміздегі саяси тұрақтылықтың, бірліктің, ұлтаралық татулық пен келісімнің негізі және солай болып қала береді. Жалпы алғанда, Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша теңдессіз шараларды белгіледі. Оларға қол жеткізу қоғамда келісім мен бірлік сақталған жағдайда ғана мүмкін болады.
Президент Қ.Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Бұл балаларды қорғау мәселесі мемлекет үшін басымдықтардың бірі екенін көрсетеді. Әрбір ата-ана баласының дені сау, бақытты болып өскенін, терең білім алып, өзін-өзі дамытумен айналысқанын қалайды. Сонымен қатар, балалардың әл-ауқаты мен тәрбиесі жалпыұлттық міндет. Бұл туралы «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында түрлі этнос өкілдерімен өткен кездесуде айтылды. Жиналғандарға Қ.К.Тоқаевтың сенімді өкілдері И.Хашимжанов, Б.Куанышбеков және М.Жолдыхожаевпен бірге кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы туралы толық ақпарат бердік.
-Президент өзінің сайлауалды бағдарламасында білім берудің барлық деңгейлерінде жинақталған проблемаларды шешуді мақсат етіп отыр. Өйткені, өскелең ұрпаққа салынған инвестиция – бұл болашаққа салынған инвестиция, - деді Икрамжан Хашимжанов.
Штаб мүшелері сөз соңында түрлі этнос өкілдерін сайлауға белсенді қатысып, дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.