Әуезов университетінің «Жыл Аруы-2022» байқауының жеңімпаздары анықталды!

Әуезов университетінің «Жыл Аруы-2022» байқауының жеңімпаздары анықталды!
2022 жылдың 12 желтоқсанында білім ордамызда дәстүрлі «Жыл Аруы» байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап, одан әрі дамыту болып табылады.
Байқауға өтініш білдірген 100-ден аса қатысушылардан іріктеліп, сұлу да сымбатты, ақылы мен көркі сай 14 қыз бақ сынады. Байқау ережесіне сәйкес жарысқа қатысушы қыздар өздерінің заманауи бағытта дайындаған киім үлгілерімен дефиле өнерін көрсетіп, музыка ырғағында синхронды би билеп, арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді.
Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың сұлулығына ғана емес, туған халқының салт-дәстүрлерін білуіне және шығармашылық қабілеттеріне аса мән беріп, тиісінше баға берді. Әділ қазылар алқасының шешіміне сәйкес 1-орынды ММГ 21-6р тобының студенті – Рүстем Сымбат иеленді.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.