Жаңалықтар
Механика және мұнайгаз ісі факультеті нің 6В071200- "Машинажасау" білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын ММГ 20-2к тобы 2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінен бастап "KARLSKRONA LC AB" ЖШС-де Дуалды оқыту жүйесінде оқуды бастады.
- Абжапбаров Абай Акилбекович 8 775 108 20 52
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 386
Дуалды оқыту жүйесі бойынша кәсіпорын басшысы У.Б Ахметов тарапынан "Механика және машинажасау" кафедрасы білім алушылары үшін үлкен қолдау көрсетілуде. Дуалды оқыту жүйесі барысында студенттер жалақымен, түскі аспен, арнайы киімдермен жәнеде тегін автокөлікпен тасымалдау қамтамасыз етілуде. Бұл компаниямен дуалды оқыту жүйесі негізінде серіктестік қарым-қатынас 2016 жылдан бастап нәтижелі және қарқынды түрде жүргізілуде. Дуалды оқыту тәжірибесі студенттерге ЖОО оқи отырып терең теориялық білім алуға және кәсіпорындағы жұмыс жағдайына оңай бейімделуге мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттіліктерге мүмкіндік береді. Кәсіпорын өз кезегінде, белгілі бір өндірістің міндеттеріне бейімделген жоғарғы білікті мамандарды іріктеу және жұмысқа алу мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі уақытта студенттер зауыттың құрлымымен танысуды бастап кетті. Таныстыру HR-бренд маманы Ситникова Татьяна Владимировна және операциялық директор орынбасары Жораев Санжар Нурланович бастауымен жүзеге асырылып жатыр.
powered by social2s