Жаңалықтар
Бұхара мемлекеттік техникалық университетінің профессор оқытушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында іс сапармен келді
- Абжапбаров Абай Акилбекович 8 775 108 20 52
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 33
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындарының өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту елдеріміздің экономикасы үшін кадрлар даярлау саласында тәжірибе және озық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Осы тенденцияларды ескере отырып, М.Әуезов атындағы ОҚУның “Стандарттау және сертификаттау” кафедрасы мен Бұхара мемлекеттік техникалық университетінің «Стандарттау және метрология» кафедрасы арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында профессорлық-оқытушылық құрам академиялық ұтқырлығы жүзеге асырылуда. 2025 жылдың 10 сәуірі мен 10 мамыр аралығында Бұхара мемлекеттік техникалық университетінің «Стандарттау және метрология» кафедра меңгерушісі Таиров Бахтиер Бабакулович, т.ғ.к., доценті Давлетова Мавлюда Бахтиёровна және магистр, оқытушысы Азимова Феруза «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасында біліктілігін арттыруда және академиялық ұтқырлық аясында кафедра білім алушыларына дәрістер өтуде.
powered by social2s