Ғасырдан озық туған - Ұлы тұлға

2019 жылдың мамыр айының 2-ші жұлдызында «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Механика және Машинажасау» кафедрасында «Ғасырдан озық туған - Ұлы тұлға» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы , профессор , Қазақстан Ғылым Академиясының академигі , Қазақстан Инженерлік академиясының негізін қалаушы, оның тұңғыш президенті, Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Ленин орденінің, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденінің, Халықаралық және ресейлік ғылым-инженер бірлестіктердің Г.В.Шухов атындағы алтын медалінің, әл-Хорезми атындағы халықаралық фестивальдің алтын медалінің, Халықаралық инженер академияның күміс медаліні иегері Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлының өмірімен, ғылыми еңбектерімен студент жастары таныстырылып, шәкірттерімен кездесуі өтті. Кездесуге Ө.А Жолдасбековтың шәкірттері С.Ж Әбдірашев пен Д.С Мырзалиев қатысты.  С.Ж Әбдірашев  ұстазының өмірде қандай адам болғаны мен шәкірттік кездегі естеліктерімен бөліссе, Д.С Мырзалиев ғалымның ғылымдағы жеткен жетістіктерімен таныстырды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жауап алды. Іс-шара  Ө.А Жолдасбековтың өмірі жайлы фильмді көрумен жалғасты. Кездесу соңында Д.С Мырзалиев студент жастарға осындай ұлы тұлғаларды үлгі тұта өмір сүруге шақырып, кездесуді қорытындылады.


Күнтізбе

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.