Жаңалықтар
М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ғылыми жобалар мен бағдарламалар департаменті хабарлайды
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 239
М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ғылыми жобалар мен бағдарламалар департаменті 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсында «Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар» басымдығы бойынша AP09261098 «Магистралдық құбырларды коррозиядан электрохимиялық қорғауды бақылаудың және басқарудың ақпараттық-аналитикалық жүйесін әзірлеу» жобасы (2021 жыл 24 ақпандағы №3 хаттама) грант ұтып алғанын хабарлайды. Жоба жетекшісі т.ғ.к., доцент Хусанов Жахонгир Евадиллоұлы.
Жоба құбыр жүйелерінің сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін арттыру, құбырларды ағымдық жөндеу шығындарын азайту, коррозиядан олардың апаттылығын азайту, шөгінділердің толып кету мүмкіндігінің алдын алу, қорғаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс параметрлерін оңтайландыру және сыртқы жағдайларға бейімдеу есебінен электрохимиялық қорғау жүйесін (ЭХҚ) басқару бойынша қабылданған шешімдердің сапасы мен дұрыстығын арттыру, «қорғаныссыз» және «қайта қорғау» аймақтары арасында оңтайлы деңгейде ЭХҚ-нің технологиялық процесін қолдау және сол арқылы құбыр жүйесінің (ҚЖ) техникалық ресурсын ұлғайту проблемаларын шешуге бағытталған. Алынған нәтижелер магистральдық құбырларды коррозиядан электрохимиялық қорғауды бақылау мен басқарудың ақпараттық-аналитикалық жүйесін әзірлеу саласындағы ғылым мен технологиялардың одан әрі дамуына серпін береді.
Құттықтаймыз және отандық ғылым мен бизнестің бәсекелестік позициясын күшеюде, өндірістік процестерді автоматтандыру мен икемділік деңгейін арттыруда жетістіктер тілейміз!
powered by social2s