Құттықтаймыз!

М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсында «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология» басымдығы бойынша AP09260240 «Түйісу аймағындағы температураны реттеу мүмкіндігімен ағындардың құйынды өзара әрекеттесу тәсілін әзірлеу және оның негізінде газ тазарту жүйелерін құру» жобасы (2021 жыл 03 наурыздағы №3 хаттама) т.ғ.д., профессор Волненко Александр Анатольевич грант ұтып алғанын хабарлайды
Жобаның мақсаты – түйісу аймағындағы температураны реттеуге мүмкіндік беретін ағындардың құйынды өзара әрекеттесу әдісін әзірлеу және оның негізінде энергия сыйымдылығы төмен, тиімділігі жоғары және ішкі құрылғылардың қатты шөгінділермен толып кетуіне жол бермейтін газ тазарту жүйелерін құру.
Жобаның идеясы ағындардың құйынды өзара әрекеттесуі мен түйісу аймағындағы температураны реттеу есебінен жүргізілетін процестердің төмен энергия шығындарын және қарқындауын қамтамасыз ететін газ тазалау жабдығын құру болып табылады.
Алынатын нәтижелер ағындардың өзара әрекеттесуінің фазалық-құйынды режимін жүзеге асыратын газ тазарту жүйелерін құру саласындағы ғылым мен технологиялардың одан әрі дамуына серпін береді.
 

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.