Жаңалықтар
Конференцияға «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің деканы, кафедра меңгерушілері, аға тәлімгері, профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттері, тәрбие жұмыстары мен жастар саясаты департаментінің жетекші маманы – Шалданбаева Ақжан Мұхтарқызы, сонымен қатар Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы, майор – Алиев Батыр және «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің мүшесі – Исакулов Жандос Талгатович шақырылған болатын.
ММГ-14-6а тобының студенті Базарбек Айсана және «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің мүшесі – Исакулов Жандос Талгатович конференция тақырыбында өз баяндамаларын жасады. Конференция тақырыбында қысқаша бейнеролик көрсетіліп, оны барша көрермен тамашалады.
Барлық конференцияға келген қонақтар, өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады және конференцияның белсенді қатысушыларына бағалы сыйлықтар берілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер – елдігімізбен бірлігіміз» атты конференция жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар ол қала және облыс БАҚ-та жария етілді.