Жаңалықтар
Механика және мұнайгаз ісі факультетінің ұйымдастыруымен студенттерге болашақ мансаптарын таңдау мақсатында кезекті рет, тәжірибелі кәсіпкер Кожихов Асхат Ғалымжанұлы (университет түлегі) мен сұхбат болып өтті.
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 234
Механика және мұнайгаз ісі факультетінің ұйымдастыруымен студенттерге болашақ мансаптарын таңдау мақсатында кезекті рет, тәжірибелі кәсіпкер Кожихов Асхат Ғалымжанұлы (университет түлегі) мен сұхбат болып өтті. Кездесу барысында сөз алған кәсіпкер бітіруші студенттерге өмірде алған тәжірибесімен бөлісе отырып, жұмысқа орналасу мән-жайын анығырақ баяндап, ақыл кеңестерін айтты.
ҚР Президентінің 2021 жылғы жолдауында «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылдап, бұл мақсатқа бөлінетін қаржының жалпы көлемі кемінде бір триллион теңге болды. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізді. Осы жөнінде де тоқталып өткен кәсіпкер студенттердің болашағына қадап басуына еш шектеулер жоқ екенін айтты. Сондай-ақ Студенттер тарапынан да толғандырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.
Мұндай кездесулер Механика және мұнайгаз ісі факультеті қабырғасында жүйелі түрде өткізіліп тұратын болады.
powered by social2s