Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында университетіміздің акті залында салтанатты іс-шара өтіп, онда «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы тарапынан жастарды оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары мен сіңірген еңбектері үшін осы оқу орнының бірқатар қызметкерлері марапаттарға ие болды. Соның ішінде «Механика және машина жасау» кафедрасының доценті Серікбаев Болатжан Ермаханұлы «Алғыс хатпен» марапатталды. Кафедра ұжымы да Болатжан Ермаханұлын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, жанұясына береке-бірлік, егемен еліміздің игілігі жолындағы істеріне мол табыс тілейді!