Жаңалықтар
Ғылым және білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту - білім беру қызметтерінің сапасын арттыру негізі
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 303
Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының инженерлік білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу және енгізу, Еуропалық Одаққа кіретін, елдердің жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынасты болжайды. Сондай университеттіне тамақ өнеркәсібіндегі мамандарды даярлау саласындағы елдердің жетекші университеттерінің бірі болып табылатын, Пловдив қаласында орналасқан, Болгария Республикасының тамақөнеркәсібі технологиялар университеті жатады.2016 жылдың маусым айының 19-29 аралығында, «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент А.К. Түлекбаева бақылау және басқару сапасы мен азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі саласында мамандарды даярлау бойынша тәжірибе алмасу үшін, бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізу және студенттер мен магистранттарға дәрістер оқу үшін осы университетке шақырылды.Іс-сапар қорытындысы бойынша, стандарттау және сертификаттау саласындағы жетекші профессорларымен және ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктеріне ие болып, азық-түлік өнімдерінің буып-түю және таңбалау, қазақстандық шикізаттардан отандық жаңа функционалды азық-түлік өнімдерін әзірлеу, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағының техникалық регламенті бойынша сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өлшеу әдістерін орындауды (ӨӘО) дамыту бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын қалыптастыруды және келесі оқу жылына «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамының, студенттері мен магистранттарының академиялық ұтқырлығын жоспарлап отыр. Сонымен қатар, «Бақылау және мал өнімдерінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша барлық студенттер мен магистранттар дәрістері оқылды.Атқарылыған жұмыс, екі университет арасындағы ғылым және білім саласындағы жемісті ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндік береді деп санаймын.