«Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым» атты тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған ашық сабақ.

     Қараша айының 29 жұлдызында механика және машина жасау кафедрасында 5В071200 Машина жасау мамандығы бойынша оқитын бірінші курс студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесіне орай  «Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым» атты ашық тәлімгенлік сабақ өткізілді. Ашық сабақтың негізгі мақсаты студенттердің Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасын бағалай білуді үйрету болып табылады.

Сценарий бойынша тәлімгерлік сабақ Қазақстанның тәуелсіздік алғанға  дейінгі жағдайы мен тәуелсіз Республикамыздың қазіргі жетістіктері туралы көрсететін екі бөлімнен құрылды. Алғашқы бөлімде ХХ- ғасырдың басында құрылған Алаш партиясының қазақ тарихындағы ролі және 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі жайлы баяндамалар мен сол жағдайдың  театрландырылған көріністері көрсетілді.

Сонымен қатар, студенттер тәуелсіз Қазақстанда енгізілген теңге

Ашық сабақтың екінші бөлімі Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге  және Ата Заңымыз - Конституцияның қалыптасу тарихына арналды, еліміздің жүрегі – Астана қаласының өркендеуі жайлы айтылды

Ашық тәлімгерлік сабаққа факультет деканы Нарманов М.М., кафедра меңгерушісі Мырзалиев Д.С., факультет аға тәлімгері, университеттің тәрбие бөлімінен мамандар және факультет тәлімгерлері қатысып, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, бұл өткізілген іс-шараға  өздерінің жоғары бағаларын беріп, творчестволық табыстар тіледі.

 


Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.