ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ
Президенттің сөйлеген сөзінен түйген нақты түсінік, ол еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл шараларды жүзеге асыру қажет. Біз сарбаздарды, әскери техника мен қару-жарақты қажетті жерге жедел жеткізу үшін әскери-көлік авиациясы паркін толықтыру ісін қолға аламыз. Мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек. Көші-қон, соның ішінде ішкі көші-қон саласын тәртіпке келтіретін кез келді. Қару-жарақ айналымын мұқият тексеріп, оны заң тұрғысынан реттеу қажет. Шұғыл түрде қираған ғимараттар мен арнаулы техниканы жөндеп, бейнебақылау жүйесін іске қосып, құқық қорғау органдарының қызметін қалпына келтіру керек.
Біздің ел Президентінің сөзінде сапалы білімге қол жетімділікті арттыру негізгі басымдық болып табылады деді. Бұл бүкіл қоғам дамуының маңызды факторы. Біз мектепті материалдық жағынан қаншалықты қамтамасыз етсек те, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын көтеру мүмкін емес. Ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, "Ұстаз-мектептің жүрегі". Сондықтан мұғалімдер тапшы өңірлер үшін қолдау шараларының тиісті пакетімен үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Жоғары білімнің қолжетімділігі мәселесі өзекті болып отыр. Елдің халық тығыз орналасқан өңірлерінен келген жастар үшін нысанды гранттар бөлуге ерекше назар аудару қажет. Жаңа экономика құру үшін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды. Қазақстанда шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалын ашу басталды. Жақын арада Ресейдің озық техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарлануда. 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашу қажет. Бұл ретте техникалық бағыттағы ЖОО-ның екі филиалын еліміздің батысында ашу қажет. Жалпы, бәріміз білімге деген көзқарасты өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтар ілгерілеген, енді техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Инженерлердің, өнеркәсіпшілердің жаңа буынын ұсынуға ат салысу керек деді. Жалпы ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ болмақ.
Мұнайгаз ісі кафедрасының профессоры Г.Ж.Бимбетова