«Халық айтса қалып айтпайды», - деген сөз бар. Ол «отыз өз шағым, қырық ер шағым, елу бел шағым, алпыс дер шағым, жетпіс мәз шағым», - дейді. Ендеше, өз саласының тамыры тереңге кеткен, бұтақтары көкке құлаш жайған, көлеңкесі мол бәйтерегі, еліміздің біртума азаматы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің профессоры, т.ғ.д., Қазақстан Республикасы Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары академиясының академигі, Ресей Жаратылыстану Академиясының академигі, Ресей Ғылымдар Академиясының координаторы, Қазақстан Республикасының ғылымы мен біліміне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасының білім үздігі, Днепродзержинск мемлекеттік техникалық университетінің құрметті профессоры, Қазақстанның құрметті инженері, ғалымҚайрат Мұханметқұлұлы Исламкулов ағамыздың 75 жасқа келген мерейлі тойын атап өтіп жатырмыз.
Ғылым саласында дені таза сарқылмас тау бұлағына, жай оғындай жарқылдап ғылымның өр төсінде алып толқынға айналған, ғылыми жетістіктері дүние жүзіне танылып, бағаланған Қайрат Мұханметқұлұлының өмірі бәрімізге өнеге. Осы ерен еңбек нәтижесінде, әлемдік ғылымды дамытып, фундаменталды және қолданбалы зерттеулер саласындағы жетістіктері үшін «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Европалық сапа», А.Нобель, «Сократ», В.Лейбниц, «М.Әуезов ОҚМУ 70жыл» медальдарымен, сонымен қатар Европалық ғылыми-өндірістік консорциумның «Еңбекпен және ғылыммен», Мәскеу болат және қорытпалар институтының «Металл ғылымына сіңірген еңбегі үшін», «Ұлы Александр» және Қазвқстан Республикасының «Құрмет» ордендерімен марапатталып, 250-ден аса ғылыми мақалалар, 2 монография, 7 оқу құралы, 18 авторлық куәлік пен патенттің және де «металл физикасы» саласында 2 дүние жүзілік мәні бар ғылыми жаңалықтың авторы атанды.
Жалығу мен жабығуды білмейтін, тағдырдан бір сәт болса да тыныштық пен дамылдықты сұрамайтын, білім қуып оны үзеңгілеген ғұламаның ғұламасына теңесті. Ғылым саласында дені таза сарқылмас тау бұлағына, жай оғындай жарқылдап ғылымның өр төсінде алып толқынға айналды.
Қайрат Мұхаметқұлұлын, 75 жасқа толған мерейтойымен және «Құрмет» орденімен марапатталуымен елбасымыз, ҚР президенті арнайы телеграмма арқылы құттықтау жіберсе, елі мен халқының жылы лебіздерін облыс басшылығы, университетіміздің ректоры Ж.Ү.Мырхалыков мырза бастаған ұжымдастары, достары иен ағайын-туыстары жеткізіп жатты.
«Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіз еліміздің нығаюына өзіндік үлесін қосуда. Олай болса, осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта берсін! Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болсын!», - деп шын жүректен қуанышымызды білдіріп, тілегімізді айтамыз.