Стандарттау және сертификаттау саласындағы үздік, жаңашыл-педагогтар
- Факультет жаңалықтары
- Қаралды: 113
Стандарттау және сертификаттау саласындағы үздік, жаңашыл-педагогтар
Қазақстан Республикасының ЖОО-да білім берудің сапасы мен ғылыми-әдістемелік деңгейін жоғарылатуға көмектесу, оқытушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, кәсіби тәжірибені насихаттау және қорытындылау мақсатында 25-26 сәуір күндері М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» жаңашыл педагогтардың ІІ Халықаралық форумы өтті. «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының аға-оқытушысы, магистр Отуншиева А.Е. «Үздік лектор» байқауының І дәрежелі Дипломмен марапатталды. «Үздік оқу құралы» конкурсы бойынша Тулекбаева А.К., Сабырханов Д.С., Мырхалықов Б.С., Кенжеханова М.Б. авторы І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Форум нәтижесі бойынша жарық көрген жинақта «Жоғары оқу орындарында білім берудің инновациялық әдістері» тақырыбында т.ғ.к.,доцент Тулекбаева А.Қ., PhD доктор, доцент Қалдыбаева Б.М., және оқытушы, магистр Турдыбекова Д.А. және шет елдік лектор Мещерякова Е.В. бірлескен мақаласы жарық көрді. Барлық Форум жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!