Хабарландыру!
Дүниежүзілік стандарт күні немесе Дүниежүзілік стандарттау күні - халық назарын бірыңғай іс-әрекет стандарттарын құрумен байланысты өз өмірі мен кәсіби шеберлігін жауапты және қажетті жұмысқа арнаған он мыңдаған мамандардың бірлескен күш-жігеріне лайықты құрмет көрсету әрекеттерінің маңыздылығына арналған халықаралық күн. «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының профессорлар мен оқытушылар құрамы біздің еліміздің экономикасының барлық салалары үшін стандарттау және сертификаттау саласындағы мамандарды даярлауды жүзеге асырады, жыл сайын осы күні Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау жүйесін дамытуға байланысты жаңа жаһандық ең өзекті мәселелерге арналған семинарларды ұйымдастырады және атап өтеді.
Сонымен 2017 жыл «Дүниежүзілік стандарттар күні-2017: «Стандарттар қалаларды ақылды етеді» ұранымен өтеді.
«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы РМК «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының» Оңтүстік Қазақстан филиалымен бірлесіп 03/10/2017 жылы 306Б аудиториясында семинар өткізіледі. Семинарға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің барлық оқытушыларын, студенттерін және магистранттарын шақырамыз!
«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының профессорлары мен оқытушылар құрамы
powered by social2s