Жаңалықтар
24 ақпан 2017 жылы М. Әуезов атындағы ОҚМУ деңгейінде факультет аралық «Масленица -2017» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жастарды Қазақстанда тұратын әр-түрлі халықтардың салт-дәстүрлерімен таныстырып, оларды осындай дәстүрлер арқылы ұлттық тұрғыдан тәрбиелеп, бірлігін арттыру. Бұл байқаудың міндеттеріне - әр факультеттің мерекелік славян халық биі, сықақтар, өлеңдер және славян дастарханын әзірлеу жатады. Байқауға «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің барлық оқытушылыры мен студенттері белсенді түрде қатысып, соның нәтижесінде «Ең үзік дастархан» номинациясы бойынша 3-орынды жеңіп алды. "Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері аталған мерекемен шын жүректен құттықтап, денсаулық және шығармашылық табыс тілейді!