Жаңалықтар
Дені сау балалар - дені сау ұлт.
- Абжапбаров Абай Акилбекович 8 775 108 20 52
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 172
Дені сау балалар - дені сау ұлт. Президент балалар онкологиясы мен гематологиясының ұлттық орталығын құру міндетін қойып отыр. Кәсіби кадрларды даярлау және профилактикалық жұмыс күшейтілетін болады. Ауыл медицинасын қалпына келтіреміз, сапалы медициналық көмек әр қалада, аудан орталығында, ірі ауылда көрсетілетін болады. Ішкі нарықтағы отандық дәрілік зат өндірісінің үлесін 50 пайызға дейін ұлғайту мәселесі өте актуалды. Бұл туралы Қ.К.Тоқаевтың сенімді өкілдері Айжан Наимбекова, Талғат Балтабаев және Қайрат Имашев «Шым Фарм» ұжымымен өткен кездесуде айтылды.
-Балалар онкологиясы мен гематологиясы ұлттық орталығын ашамыз, онкологиялық қызметті кешенді түрде жаңғыртуды жүзеге асырамыз, заманауи перинаталдық орталықтарының желісін құрамыз. Уақтылы көмек көрсету үшін бірыңғай консультативтік инсульт орталығын іске қосамыз, - деді өз сөзінде Талғат Балтабаев.
Кездесу соңында фарм компания қызметкерлері сайлауға баратындарын, үміткер Қ.К.ТОқаевты қолдап дауыс беретіндерін жеткізді.
powered by social2s