СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАЛАРДАҒЫ ОРЫН ТАПШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Студенттердің ең өзекті мәселелерінің бірі жатақханалардағы орындардың жетіспеушілігі болып табылады. Жатақханадан орын ала алмаған студенттер пәтер іздеуге мәжбүр. Осылайша, жалға берілетін үйлердің жалдау ақысының көтерілуі бірінші кезекте студенттерге теріс әсер етеді.
Жоғары білім мен тартымдылығын арттыру мақсатында ең алдымен студенттердің шәкіртақы мөлшерін ұлғайту қажет. Осы мәселелердің шешілуі ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында қарастырылған. Бұл туралы кандидаттың сенімді өкілдерінің Көлік, коммуникациялар және жаңа технологиялар колледжінде өткен кездесуінде айтылды. Қалалық қоғамдық штаб мүшелері Мұратәлі Қалмұратов, Жартыбекова Гүлжайна, Оспаналиева Рашкүл, Талғат Балтабаев, Құрманбекова Гүлнар, Бектұрғанов Рамазан, Наимбекова Айжан,Қырықбаев Мухаммед,Омаров Баймырза өз сөздерінде студенттердің жатақханаларында орындардың тапшылығы мәселесін жою мақсатында Мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығы қарастырылатынын, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін қолдау және ынталандыру мақсатында әлемдік цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізу мүмкіндігі берілетіндігін атап өтті.
Штаб мүшелері Қазақстанның жарқын болашағы үшін үздік кандидатты қолдау қажеттігін атап өтті.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.