МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК ЖЕКЕМЕНШІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО қауымдастығының «Жекеменшік білім беру және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбында өткен жиынға қатысты.
Министр Саясат Нұрбек жоғары оқу орындарының білім сапасын арттыруда жүргізіліп жатқан жұмыстарға, ғылымды қаржыландыру мәселесіне тоқталып, жақында АҚШ-қа жұмыс сапары барысында келісілген Coursera әлемдік курстары туралы баяндады. Сондай-ақ, министр келешекте мемлекеттік және жекеменшік деп бөлмей, бір бағытта қолдау көрсетілетіндей жоба жасалынатынын жеткізді.

«Жекеменшік университеттердің бір артықшылығы – шапшаңдық. Ол дегеніміз жекеменшік жоғары оқу орындарының тез арада өзгерістер енгізу, бағдарламаларды тапшылыққа сәйкес бейімдеп ұсыныстар енгізу мүмкінішілігі бар», - деді ведомство басшысы.
Жиын аяқталған соң министр жекеменшік жоо-лардың басшылары мен құрылтайшыларын жеке-жеке қабылдады.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.