Жаңалықтар
Университетіміздің спортшылары Махмұд Сабырхан және Серік Абзал 18-26 қаңтар күндері Бангкокта өткен 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанып 2 медаль жеңіп алды.
Махмұд Сабырхан алтын медаль алып азия чемпионы атанса ал Серік Абзал күміс медальді еншіледі.
Сары құрлық бəсекесінің жүлдегерлерін əуежайдан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы бастаған оқытушы профессорлар құрамы, бокс федерациясының өкілдері, туыстары, достары, журналистер мен жанкүйерлер сəн-салтанатымен күтіп алды. Фанаттар кездесуге түрлі плакаттар дайындап, патриоттық əндер шырқап, шашу шашып тосынсый жасады.
«Бүгін елдегі жанкүйерлер әдеттегідей өте жақсы қарсы алды. Ұзақ уақыт жолда болып, жарыстан шаршаған боксшылардың көңіл-күйі көтеріліп қалды.
«Бізді қолдаған барлық жанкүйерге зор алғыс айтамын. Біз үшін уайымдап, жеңіс тілегендеріңізді жақсы білеміз. Бангкоктағы додаға келетін болсақ, мен ол жерде 57 келіге дейінгі салмақта сынға түстім. Бұл олимпиада бағдарламасына кіретін салмақ. Енді ауысқандықтан қиындау болды. Соған қарамастан жақсы нəтиже көрсеттім, деп ойлаймын. Мақсат баяғыдай - Олимпиада алтынын жеңіп алу», - деді Ұлттық құрама көшбасшысы Махмұд Сабырхан. Жеңіс құтты болсын!
powered by social2s