2024 жыл қыркүйек айының 16 күні М.Әуезов атындағы ОҚУ жиналыстар залында «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің 1-курс студенттерімен бейімделу апталығы аясындағы кездесу өтті.

    Кездесу барысында Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғ.Ә.Бесбаев, факультет деканы және де университеттің құрылымдық бөлімдерінің басшылары білім алу процесіндегі ерекшеліктер, студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының оң тұстары, академиялық ұтқырлық, кітапхана және электронды ресурстарды пайдалану, университет қабырғасында білім алушыларға жасалған мүмкіндіктермен жан-жақты таныстырды. Кездесуде білім алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымдары түсіндіріліп, адалдық және парасаттылық құндылықтары насихатталды.  Сонымен қатар жастар орталығының басшысы және факультеттің студенттік сенаторы университеттегі өзін өзі басқару жүйесімен таныстырып, білім алушыларды қоғамдық белсенділікке шақырды.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.