«Қазақстанның парафинді мұнайын дайындау мен тасымалдаудың жаңа технологиялары»

2024 жыл 15 қазан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Мұнайгаз ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның парафинді мұнайын дайындау мен тасымалдаудың жаңа технологиялары» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Парафинді мұнайларды даярлау және тасымалдау салсындағы өзекті мәселені талқылауға университеттің мұнай-газ саласы ғалымдары Надыров К.С., Бондоренко В.П., Голубев В.Г., Жантасов М.К., Бимбетова Г., Хусанов А.Е. Бірге, Санкт-Петербург мемлекеттік теңіз техникалық университетінің профессоры Нифонтов Юрий Аркадьевич, И.Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік университетінің профессоры Акрамов Бахшило Шафиевич, Баку мемлекеттік университетінің профессоры Азизов Абдулсаид Абдулгамид оглы, Қарши экономика және педагогика университеті доценті Дустов Азизбек Юсуфович, Қарши экономика және педагогика университеті доценті Базаров Журабек Туронович,  университетінің ғалымдары, сонымен бірге осы саланың білкті мамандары қатысты.
Парафинді мұнайды дайындау мен тасымалдаудағы өзекті мәселелерді ескере отырып, қазіргі уақытта біздің университет ғалымдарының күш-жігері негізінен келесі өзекті міндеттерді шешуге бағытталған: бастапқы май қышқылдарын оқшаулау мақсатында гудрондар мен соапстоктарды фракциялау технологиясын әзірлеу және оларды эмульсиялаушы әсер ететін химиялық реагенттерді синтездеу үшін қолдану мүмкіндігін белгілеуайқындау; май қышқылдарын оксиэтилдену және эфирлеу процестерін жүргізу, процесті жүргізу принциптерін ғылыми негіздеу, технологиялық химиялық реагенттерді алу процестерінің схемаларын жобалау. Алынған химиялық реагенттер мен олардың негізіндегі композициялық құрамдар белгілі бір мөлшерде бастапқы шикі мұнайдағы эмульсиялық судың құрамын төмендету мақсатында пайдаланылады.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.