Жаңалықтар
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылады
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 232
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған, еліміздің тарихына, салт-дәстүріне негізделген, сонымен қатар бүгінгі күннің талабына сай болашаққа бағдарлайтын көлемді жоба болып табылады. Қазіргі кезде біз ерекше жылжамдықпен айналамызда өзгеріп жатқан уақыт, көзқарас, технологиялардың куәсі болып жүргеніміз, әрине қуанышқа орай шындық екені жасырын емес. Себебі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, сана-сезіміміз бен дүниетанымызға әбден сіңісті болып қалған таптаурын қағидалардан арылып, рухани жағынан серпіліп, жаңғыруымыз әлдеқашан қажет болатын. Бұл арада рухани жаңғыруымыздың ең басты шарты ретінде ұлттық кодымызды сақтап, әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау жүйесін қалыптастыруымыз абзал. Себебі Елбасының ұсыныстары мен кеңестері Қазақстанның үшінші жаңғыруы кезеңінде халқымыздың ұлттық сана-сезімін биік деңгейге көтеру арқылы Мәңгілік елдің мәңгілік ұрпақтарын тәрбиелеп қалыптастыру ниетінен туындаған жанашырлықтың айғағы деуге болады.
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласының жалғасы іспеттес 21.11.2018 ж. «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын кеңінен таныстыру және талқылау мақсатында факультет деканы, х.ғ.к., доцент Нарманов М.М. факультеттің профессор-оқытушылық құрамы мен студенттермен кездесті.
Суретте: факультет деканы Нарманов М.М. студенттермен бірге
Факультет деканы М.М. Нарманов Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша талқылау тақырыптарына бірінші бөлімге сәйкес, ұлт тарихындағы кеңістік пен уақытқа енетін 1) атқа міну мәдениетін; 2) ұлы даладағы ежелгі металлургия; 3) аң стилі; 4) алтын адам; 5) түркі әлемінің бесігі; 6) Ұлы Жібек жолы; 7) Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны және екінші бөлімге сәйкес, тарихи сананы жаңғырту аясында 1) Архив – 2025; 2) Ұлы даланың ұлы есімдері; 3) Түркі әлемінің генезисі; 4) Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі; 5) Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы; 6) Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі бойынша баяндама жасады.
Суретте: факультет деканы М.Нарманов және аға тәлімгер М.Момбаев студенттермен бірге
Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастыра отырып, факультетіміздің студенттерін болашақта техникалық мамандық иесімен қатар, міндетті түрде төл тарихын білетін, бағалай алатын жəне мақтан тұтатын маман ретінде дайындаудың, әрине ол үшін университетімізде және факультетімізде «Рухани жаңғыру» аясында өтілетін түрлі іс-шараларға ат салысу, қатысумен қатар білімді, парасатты студент ретінде аянбай бірлесіп жұмыс жасау қажеттілігі айтылып өтті. Студенттер мен әріптестер арасынан Н.Назарбавтың мақаласы аясында өз ойлары мен пікірлерін айтамын деушілерге сөз беріліп, талқыланды.
Факультет деканы факультеттің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары, т.ғ.к., доцент Ешанқұлов Ә.А., ғылым жөніндегі декан орынбасары, т.ғ.к., доцент Молдағалиев А. мен факультеттің аға тәлімгері Момбаев М.М. және кафедра меңгерушілеріне алдағы уақытта мақаланың әлі де кең ауқымды талқылануы мен орындалуы үшін жасалынатын жұмыстарды міндеттеді.
«Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің
«Рухани жаңғыру» жұмыстары бойынша жауапты Құтжанова А.Н.