Жаңалықтар
“Рухани жаңғыруда техникалық ғылымдарының үлесі” тақырыбында іс шара өткізілді.
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 218
Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен 20.11.2018 ж күні “Рухани жаңғыруда техникалық ғылымдарының үлесі’ тақырыбында іс шара өткізілді.
Іс шараны Механика және мұнай газ ісі факультетінің деканы Нарманов Мырзабай Мырзалыұлы мен Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті университетіміздің аға тәлімгері Бейсенов Сембай Дайрабекұлы ашып берді. Факультет деканы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт ғана табысқа жетеді» деген сөздерін қолдап, студенттерге білімді жетілдіру міндетіміз деп айтып өтті.
Іс шара барысында студенттер тақырыпқа байланысты өз пікірлерімен бөлісіп, өнерлерін ортаға салып, ұлттық ән мен биден шашу шашты.