Жаңалықтар
2015 жылдың 3-4 қараша аралығында «Стандарттау және сертификаттау» секциясы бойынша «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің техникалық ғылым бағытында, Елбасының «Нұрлы жол: 100 нақты қадам – Қазақстан мемлекетінің нығайту жолы» атты Жолдауы аясында студенттердің ғылыми конференциясы өтті.
19-шы студенттердің ғылыми конференциясының ашылуына «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің деканы – Жапбаров Сағат Амангелдіұлы, сонымен қатар біздің қафедрамызға бекітілген Шымкент қаласының № 68 орта мектеп жоғарғы сынып оқушылары конференцияға қатысуға шақырылды. Жалпы конференцияға – 35 баяндама ұсынылды. «Стандарттау және сертификаттау» секциясы аясында өткен студенттердің ғылыми конференциясының қорытындысы бойынша - 9 студент марапатталды, сонымен қатар № 68 орта мектебінің 11А сынып оқушысы Шалқарбекова Асель және 10А сынып оқушысы Есенбекова Арайлым марапатқа ие болды.
Студенттер мен оқушылардың ғылыми конференцияларға қатысуы олардың тәжірибе жүзінде стандарттау, сертификаттау және метрология саласы бойынша білімдерін нығайтуға және жақсартуға өз ықпалын тигізеді деген ойдамыз.