ӨЛКЕМІЗДІҢ ТАРИХИ – МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫМЕН ТАНЫСУ

«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының 2016 – 2017 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес студенттерді рухани тәрбиелеу және отансүйгіштік сезімдерін жоғарылату мақсатында «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының ММГ 15-6к,6а тобының тәлімгері Д.А. Турдыбекова тәлімгерлік топ студенттерін өлкеміздің тарихи – мәдени орталықтарымен таныстыру үшін Шымкент қаласында орналасқан «Отырар» ғылыми – әмбебап кітапханасы мен «Қазына» этно-тарихи кешеніне саяхат ұйымдастырды.   Саяхат тәуелсіздік жылдарында құрылып, пайдалануға тапсырылған «Отырар» ғылыми – әмбебап кітапханасынан басталып, онда ғылым мен мәдениеттің қайнар көзі болып табылатын кітапхананың тыныс тіршілігімен, мұндағы үлкен кітап қоры және интернет залында жинақталған қазіргі заманға сай электронды оқулықтар, сонымен бірге тәуелсіздік жылдарында еліміздің жеткен жетістіктері жайлы көптеген басылымдармен таныстырылды. Саяхатымыз одан әрі қарай «Қазына» этно-тарихи кешенінде жалғасын тапты. Этно-тарихи кешен құрылымымен танысқан соң Тарихи өлкетану мұражайы экспонаттарын тамашалады. Өлкеміздің өткені мен бүгіні жайлы сыр шететін мұражай экспонаттарымен танысу барысында студенттер  қазақ халқының тұрмысы мен салт дәстүрі, өлкеміздің тарихи – географиялық ерекшеліктері туралы мағлұматтарды алып, тарихи білімдерін одан әрі шыңдап қайтты.Осындай іс – шаралар жоғары санатты болашақ маман әзірлеу барысында студенттердің санасында отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілігін арттыруда маңызы зор.


Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.